«Нарық субъектісінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің бар екені туралы хабарламаны беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 745 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 69 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Нарық субъектісінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің бар екені туралы хабарламаны беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 745 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12494 болып тіркелген, 2016 жылғы 8 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарламаны беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарламаны беру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарлама нысаны бекітілсін.»;