(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ҚҰҚЫҚТ...

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 264 Қаулысы

(2023.04.04. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2024 жылғы 10 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

«Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 674 Жарлығының 4-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары (бұдан әрі - Іс-қимыл жоспары) бекітілсін.

2. Іс-қимыл жоспарын орындауға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ мүдделі ұйымдар (келісу бойынша):

1) Іс-қимыл жоспарын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 сәуіріне дейін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне Іс-қимыл жоспарының іске асырылуы туралы есеп ұсынып отырсын.

3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырына дейін мемлекеттік және стратегиялық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарға Іс-қимыл жоспарының іске асырылуы туралы есеп ұсынып отырсын, сондай-ақ бірінші басшының қолын қойғызып, оны (қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қоспағанда) интернет-ресурста орналастырсын.

ҚР Үкіметінің 2023.17.03. № 236 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 маусымына дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратына Іс-қимыл жоспарының іске асырылуы туралы жиынтық есеп пен жиынтық қорытындының жобасын ұсынып отырсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.