Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 65 «Құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 тамыздағы № 254 Қаулысы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 2 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 65 «Құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2386 болып тіркелген, 2014 жылы 15 сәуірде «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде және «Маңғыстау» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Е.Д. Дүзмағамбетов):
осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін;
осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.А. Шөжеғұловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімінің міндетін атқарушы |
С. Алдашев |
«КЕЛІСІЛДІ»
«Маңғыстау геология және жер қойнауын
пайдалану облыстық инспекциясы»