(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАР БОРЫШЫНЫҢ 2021 ЖЫЛҒА А...

Жергілікті атқарушы органдар борышының 2021 жылға арналған лимиттерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 73 бұйрығы

(2021.20.09. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2021 жылғы 6 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 210-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдар борышының 2021 жылға арналған лимиттері белгіленсін.

2. Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсiн.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.