(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БАНКТІК ҚАРЫЗ ШАРТЫНЫҢ МІНДЕТТІ ТАЛАПТАРЫНЫҢ ТІЗБЕС...

Банктік қарыз шартының міндетті талаптарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 28 ақпан № 18 Қаулысы

(2018.29.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2019 жылғы 28 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016.28.01. № 9 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.29.10. № 257 Қаулысымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда

 

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Банктер туралы Заң) 34-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018.29.10. № 257 Қаулысымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015.30.10. № 200 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017.22.12. № 249 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Екінші деңгейдегі банктер, оның ішінде ислам банктері және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамы, банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі - банк) жасасатын банктік қарыз шартында (бұдан әрі - шарт) шарттардың тиісті түріне арналған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар, тараптардың келісуі бойынша айқындалған талаптар, сондай-ақ мынадай тізбеге сәйкес міндетті талаптар қамтылады:

1) шарттың жалпы талаптары;

2) қарыз алушының құқықтары;

3) банктің құқықтары;

4) банктің міндеттері;

5) банк үшін шектеулер;

6) міндеттемелерді бұзғаны үшін тараптардың жауапкершілігі;

7) шарт талаптарына өзгерістер енгізудің тәртібі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.