(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТЕР ЖӘНЕ БАНК ҚЫЗМЕ...

Предыдущая страница

7. Мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшартын қоса алғанда, банктің, банк холдингінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісім беру тәртібі, келісім алу үшін қажетті құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.

Банктің, банк холдингінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім бергені үшін мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын алым алынады.

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден мынадай негіздер бойынша бас тартады:

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1) тармақша жаңа редакцияда

1) банктің басшы қызметкерлерінің және банктің басшы қызметкері лауазымдарына кандидаттардың осы бапта, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында және «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында белгіленген талаптарға сай келмеуі;

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2) тестілеудің теріс нәтижесі.

Мыналар тестілеудің теріс нәтижелері болып табылады:

кандидатты тестілеу нәтижесі дұрыс жауаптардың жетпіс пайызынан аз болуы;

кандидаттың уәкілетті орган айқындаған тестілеу тәртібін бұзуы;

келісілген мерзім өткенге дейін кандидаттың уәкілетті орган белгілеген уақытта тестілеуге келмеуі;

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3) банктің немесе банктің басшы қызметкері лауазымына кандидаттың уәкілетті орган ескертулерін уәкілетті орган белгілеген мерзімде жоймауы немесе банктің, банк холдингінің немесе банктің басшы қызметкері лауазымына кандидаттың уәкілетті орган ескертулерін ескере отырып пысықталған құжаттарды осы баптың 6-тармағының тоғызыншы бөлігінде белгіленген, уәкілетті органның құжаттарды қарау мерзімі өткеннен кейін ұсынуы;

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

3-1) кандидатты банктің басшы қызметкері лауазымына сайлаудың (тағайындаудың) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібінің бұзылуы;

4) басшы қызметкер уәкілетті органның келісімінсіз өз лауазымын атқарып отырған осы баптың 6-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін құжаттарды ұсынуы;

5) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

7) уәкілетті органда кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп танылған және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген әрекеттер жасағаны туралы мәліметтердің (фактілердің) болуы.

Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:

уәкілетті орган кандидаттың әрекеттерін бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп таныған;

уәкілетті орган осындай әрекеттерді жасау салдарынан үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады;

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

8) уәкілетті органда кандидаттың уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп танылған әрекеттерді жасағаны үшін қадағалап ден қою шараларын қолданған және (немесе) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 259-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылған қаржы ұйымының қызметкері және (немесе) әрекеттері мәмілеге қатысушы қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген қаржы ұйымының қызметкері болып табылатындығы туралы мәліметтердің болуы.

Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:

уәкілетті орган кандидаттың әрекеттерін бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп таныған;

уәкілетті орган кандидаттың әрекеттері салдарынан қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады.

Осы тармақшаның мақсаттары үшін қаржы ұйымының қызметкері деп жоғарыда көрсетілген бұзушылықтарға алып келген мәселелер бойынша шешімдер қабылдау құзыретіне кірген қор биржасының басшы қызметкері не оның міндетін атқарған адам және (немесе) трейдері түсініледі.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерге уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан алған мәліметтер де жатады.

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 9-тармақ жаңа редакцияда; 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

9. Уәкілетті орган банктің басқару органының мүшесін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартқан не оның өкілеттігі көрсетілген келісім берілгенге дейін тоқтатылған немесе осы баптың 6-тармағында көзделген мерзімде құжаттар келісу үшін уәкілетті органға ұсынылмаған жағдайда, осы адам осы банктің басқару органы мүшесінің лауазымына, тиісінше, өзін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден уәкілетті органның бас тартуын алғаннан, өзінің өкілеттігі тоқтатылғаннан кейін күнтізбелік тоқсан күннен кейін, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен артық емес қайта тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.

Банктің тиісті органы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде банк уәкілетті органды басшы қызметкерлердің құрамында болған, оларды тағайындауды (сайлауды), басқа лауазымға ауыстыруды, еңбек шартын бұзуды және (немесе) өкілеттіктерін тоқтатуды қоса алғанда, барлық өзгерістер туралы, басшы қызметкерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы, сондай-ақ растайтын құжаттарының көшірмелерін қоса бере отырып, басшы қызметкердің тегіндегі, атындағы, әкесінің атындағы (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) өзгерістер туралы хабардар етуге міндетті.

Банктің басшы қызметкері қылмыстық жауаптылыққа тартылған жағдайда, банк уәкілетті органды осындай ақпарат банкке белгілі болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-5-бабына сәйкес уәкілетті органның уәжді пайымдауды қалыптастыруы мен пайдалануына негіз болатын жағдайлар, фактілер және (немесе) мән-жайлар болған кезде уәкілетті орган банкке банктің басшы қызметкеріне қатысты уәжді пайымдауды қалыптастыру туралы хабарлама жібереді.

Өзіне қатысты уәжді пайымдау қалыптастырылатын адам уәкілетті орган «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-5-бабында көзделген тәртіппен және мерзімдерде шешім қабылдағанға дейін өз міндеттеріне кірісуге құқылы емес.

Осы баптың 6-тармағының тоғызыншы бөлігінде көзделген мерзім уәкілетті орган «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-5-бабында көзделген тәртіппен және мерзімдерде шешім қабылдағанға дейін тоқтатыла тұрады.

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

10. Уәкілетті орган банктің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда:

1) осы адамды келісу жөніндегі құжаттар уәкілетті орган оны осы банкте тағайындауға (сайлауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін уәкілетті органға қайта ұсынылуы мүмкін;

2) банктің басқару органының мүшесі уәкілетті орган оны осы банкте сайлауға келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін банктің басшы қызметкері болып сайлануы мүмкін.

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 11-тармақ өзгертілді

11. Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерін лауазымға тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді:

1) келісім беруге негіз болған мәліметтердің анық еместігі анықталуы;

2) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) уәкілетті органның осы Заңның 46-бабы 1-тармағының 12) тармақшасында көрсетілген қадағалап ден қою шарасын қолдануы;

4) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

5) алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болу;

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

6) осы бапта белгіленген талаптардың сақталмау негіздері бойынша кері қайтарып алады.

Банктің, банк холдингінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісімді уәкілетті органның кері қайтарып алуы өзге қаржы ұйымдарында, банк, сақтандыру холдингтерінде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент- сақтандыру брокерлерінің филиалдарында осы басшы қызметкерге бұрын берілген келісімді (келісімдерді) кері қайтарып алуға негіз болып табылады.

Банк:

1) уәкілетті орган банктің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алған;

2) банк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басшы қызметкер лауазымына кандидатты сайлаудың (тағайындаудың) тәртібін бұзған жағдайларда, банктің басшы қызметкерімен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда, банктің басшы қызметкерінің өкілеттігін тоқтату жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

Уәкілетті орган банктің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алған банктің директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттігі банк және (немесе) банк холдингі осы бас тартуды алған кезден бастап тоқтатылады.

12. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 13-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 13-тармақ өзгертілді

13. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның басқару органының басшысы мен мүшелері, атқарушы органының басшысы мен мүшелері осы бапта белгіленген талаптарға сай болуға тиіс. Көрсетілген талаптарға сай келген жағдайда, басқару органының басшысы мен мүшелері, атқарушы органның басшысы мен мүшелері лауазымдарға уәкілетті органның келісімінсіз тағайындалады (сайланады). Басқару органының басшысы мен мүшесі, атқарушы органның басшысы мен мүшесі осы баптың талаптарына сай келмеген жағдайда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым уәкілетті органның талабы бойынша оларды қызметтен шеттетеді.

Уәкілетті орган банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның басқару органының басшысына (мүшесіне), атқарушы органының басшысына (мүшесіне) осы Заңның 46-бабы 1-тармағының 12) тармақшасында көрсетілген қадағалап ден қою шараларын қолданған жағдайда, осы ұйым аталған адаммен еңбек шартын бұзуға не оның өкілеттігін тоқтату жөнінде шаралар қолдануға міндетті.»;

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымы болып табылатын ұйымның атқарушы органының басшылары үшін осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жұмыс өтіліне әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардағы жұмыс өтілі де қосылады.

Ұлттық пошта операторына қатысты осы тармақтың талаптары лауазымдық міндеттеріне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізуге байланысты мәселелерге жетекшілік ету кіретін атқарушы орган мүшелеріне қолданылады.

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 14-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 14-тармақ өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

14. Банк холдингінің басқару органының басшысы, оның орынбасары және басқару органының мүшелері, атқарушы органының басшысы, оның орынбасары және атқарушы органының мүшелері, бас бухгалтері, бас бухгалтерінің орынбасары, еншілес ұйымның (ұйымдардың) және (немесе) капиталына банк холдингі қомақты қатысатын ұйымның (ұйымдардың) қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын өзге де басшылары Қазақстан Республикасының резидент - банк холдингінің басшы қызметкерлері деп танылады.

Осы Заңның 17-1-бабы 6-1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген адамдар Қазақстан Республикасының бейрезидент - банк холдингінің басшы қызметкерлері болып танылады.

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 15-тармақ өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

15. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасы бейрезидент банк холдингтерінің басшы қызметкерлерін қоспағанда, банк холдингтерінің басшы қызметкерлеріне мынадай талаптардың бірі орындалған кезде:

банк холдингінде тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің «А-» рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ банк холдингі шыққан елдің қаржылық қадағалау органының оның шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауы болған;

уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингі болған кезде қолданылады. Ең төмен рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісімен белгіленеді.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 16-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

16. Осы баптың 3-тармағының 3), 4), 5) жəне 6) тармақшаларын қоспағанда, осы баптың талаптары банктің акцияларын тікелей иеленетін (дауыс беру, шешімді айқындау жəне (немесе) қабылдайтын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резиденті-банк холдингінің акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерін иелену (дауыс беру, шешімді айқындау жəне (немесе) қабылдайтын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы аталған банктің акцияларын жанама иеленетін (дауыс беру, шешімді айқындау жəне (немесе) қабылдайтын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі болатын) банк холдингтеріне қолданылмайды.

 

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 29.06.98 ж. № 236-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 21-бап өзгертiлдi; 2005.12.23 № 107-III ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 21-бап өзгертiлдi (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

21-бап. Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің қатысуымен банк құруға қойылатын қосымша талаптар

Банктің құрылтайшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасы осы Заңның 19-бабында көрсетілген құжаттардан басқа, банк ашуға рұқсат беру туралы өтінішке өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын банктің акцияларын иеленуге келісімнің (рұқсаттың) көшірмесін не өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан мұндай келісімнің (рұқсаттың) талап етілмейтіні туралы растаманың көшірмесін қоса беруге міндетті.

Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру шеңберінде құрылған банктің құрылтайшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасы микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы өтінішке өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын банктің акцияларын иеленуге келісімнің (рұқсаттың) көшірмесін не өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан мұндай келісімнің (рұқсаттың) талап етілмейтіні туралы растаманың көшірмесін қоса беруге міндетті.

 

22-бап. 2005.12.23 № 107-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 23-бап өзгертiлдi

23-бап. Банк ашуға рұқсат беру жөніндегі өтiнiштi қарау тәртібі

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Банк ашуға рұқсат беру туралы өтінішті уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап алпыс бес жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда

2. Банк ашуға рұқсат беру туралы хабарлама өтiнiш берушіге және Корпорацияға жiберiледi.

3. Уәкiлеттi орган банк ашуға берiлген рұқсаттың есебiн жүргiзiп отырады.

 

11.07.97 № 154-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.12.23 № 107-III (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2008.23.10. № 72-IV (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 24-бап өзгертiлдi

24-бап. Банк ашуға рұқсат беруден бас тарту

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертiлдi (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1. Банк ашуға рұқсат беруден бас тарту мынадай негіздердің кез келгені бойынша жүргізіледі:

1) банк атауының осы Заңның 15-бабы 2, 3 жəне 4-тармақтарының талаптарына сəйкес келмеуі;

2) банк құрылтайшыларының қаржылық жағдайының орнықсыздығы.

Қаржылық жағдайдың орнықсыздығы деп осы Заңның 17-1-бабының 10-тармағында белгіленген белгілердің болуы түсініледі;

3) құрылтайшы - жеке тұлғаның не құрылтайшы - заңды тұлғаның атқарушы органының не басқару органының бірінші басшысының:

жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығының болуы;

уəкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу не оның акцияларын мəжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымын таратуға жəне (немесе) олардың қаржы нарығындағы қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оларды лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тəртіппен қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымын мəжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымының басқару органының бірінші басшысы, атқарушы органының бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері, бас бухгалтерінің орынбасары лауазымын атқаруы. Көрсетілген талап уəкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу не оның акцияларын мəжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымын таратуға жəне (немесе) олардың қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оларды лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тəртіппен қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымын мəжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл ішінде қолданылады. Осы тармақшаның мақсаттары үшін қаржы ұйымы деп Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің филиалы да, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы да, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокерінің филиалы да түсініледі;

4) осы Заңның 17-1-бабы талаптарының сақталмауы;

5) осы Заңның 17-бабында белгіленген шектеулердің сақталмауы;

6) уəкілетті органның банктің ірі қатысушысы, банк холдингі мəртебесін иеленуге келісім беруден бас тартуы;

7) банктің еншілес ұйымын құруға (иеленуге) рұқсат беруден бас тарту;

8) рұқсат алу үшін ұсынылған құжаттардағы мəліметтер мен ақпараттың анық еместігі.

2. Уәкiлеттi орган бас тарту негiздерi жөнiнде өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етуге мiндеттi.

3. Осы Заңның 18-21-баптарының шарттары сақталмаған ретте банк ашуға рұқсат беруге жол берiлмейдi.

 

11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV (бұр.ред. қара) ҚР Заңдарымен 25-бап өзгертiлдi; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 25-бап өзгертiлдi

25-бап. Банкті мемлекеттiк тiркеу, микроқаржы ұйымын банк етіп қайта тіркеу

Банкті мемлекеттік тіркеуді Корпорация уәкілетті органның банк ашуға рұқсаты негізінде жүзеге асырады.

Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру шеңберінде микроқаржы ұйымын банк етіп мемлекеттік қайта тіркеуді Корпорация уәкілетті органның микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға берген рұқсаты және микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы өзі мақұлдаған есеп негізінде жүзеге асырады.

Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған банк оның барлық құқықтары (талаптары) мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болып табылады.