(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТЕР ЖӘНЕ БАНК ҚЫЗМЕ...

Предыдущая страница

14. Осы баптың ережелері ислам банктерінің қызметіне осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген ислам банктері қызметіне қойылатын талаптарға қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.

 

11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV (бұр. ред. қара); 2009.12.02. № 133-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 31-бап өзгертiлдi; 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 31-бап өзгертiлдi

31-бап. Банкiлер жүргiзетiн операцияларға қойылатын жалпы талаптар

1. Банкiлер банк қызметiн операцияларды жүргiзудiң жалпы шараттарын белгiлейтiн ережелер мен iшкi ережелер болған жағдайда ғана жүзеге асыруға құқылы.

1-1. 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілдi (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Операцияларды жүргiзудiң жалпы шарттары туралы қағидаларды банктің директорлар кеңесi бекітуге және онда мынадай мәлiметтер мен рәсiмдер:

1) қабылданатын депозиттер мен берiлетiн кредиттердің шектi сомалары мен мерзiмдерi;

2) депозиттер мен кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің шектi шамасы;

3) депозиттер мен кредиттер бойынша сыйақы төлеу шарттары;

4) банк қабылдайтын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

5) банк операцияларын жүргiзуге арналған мөлшерлемелер мен тарифтердің шекті шамасы;

6) банктік қызметтерді көрсету туралы шешім қабылдаудың шекті мерзімдері;

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілдi (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау тəртібі болуға тиіс.

Клиенттің жолданымын қарау мерзімі банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға жолданым келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.

Жолданымды дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мəн-жайларды анықтау қажеттілігіне байланысты жолданымды қарау мерзімі он бес жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін, бұл туралы клиентке жолданымды қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады;

8) банк пен оның клиентiнiң құқықтары мен мiндеттерi, олардың жауапкершiлiгi;

9) ислам банкінің және оның клиентiнiң құқықтары мен мiндеттерi, ислам банкінің банк операцияларын жүргiзу шарттары және соған байланысты тәуекелдер;

10) клиенттермен жұмыс тәртібі туралы ереже;

11) банктің директорлар кеңесi операцияларды жүргiзудiң жалпы шарттарына енгізу қажет деп есептейтiн өзге де шарттар, талаптар және шектеулер болуға тиiс.

Операцияларды жүргізудің жалпы шарттарын айқындайтын қағидалар көрсетілетін банктік қызметтерді ұсыну, ақпаратты жария ету жəне банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын көрсетілетін банктік қызметтерді ұсыну процесінде туындайтын клиенттердің жолданымдарын қарау тəртібіне сəйкес келуге тиіс.

2-1. Ислам банкінің операцияларын жүргізудің жалпы талаптары туралы ережелерді ислам банкінің директорлар кеңесі осы Заңның 52-2-бабының 3-тармағында көзделген талапты ескере отырып бекітеді.

3. Банкінің iшкi ережелерi:

а) банк бөлiмшелерiнiң құрылымын, мiндеттерiн, қызметi мен өкiлеттiгiн;

б) iшкi аудит қызметiнiң, несие комитетi мен басқа да тұрақты жұмыс iстейтiн органдар қызметiнiң құрылымын, мiндеттерiн, қызметi мен өкiлеттiгiн;

в) құрылымдық бөлiмшелер басшыларының құқықтары мен мiндеттерiн;

г) банкінің атынан және оның есебiнен мәмiле жасаған кездегi лауазымды адамдар мен банк қызметкерлерiнiң өкiлеттiгiн белгiлеуге тиiс.

4. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Банк клиенттерді тарту жөніндегі, банк талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке беру жөніндегі шарттың (келісімнің) негізінде банкке қызметтер көрсететін тұлғаның (бұдан әрі - банкке қызмет көрсететін тұлға) құқыққа сыйымсыз әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін банктің аталған тұлғамен жасалған тиісті шартының (келісімінің) талаптары бойынша жауапкершілікте болады.

Банк пен банкке қызметтер көрсететін тұлға арасындағы шарт (келісім) клиентке қарап шығуы үшін ұсынылуға жатады және онда банкке осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған қызметтерді көрсететін тұлғаның құқыққа сыйымсыз әрекеттері үшін банктің клиент алдындағы жауапкершілігі міндетті түрде қамтылуға тиіс.

Банк және банкке қызметтер көрсететін тұлға арасында жасалған шарт (келісім) негізінде банкке қызметтер көрсететін тұлға қызметінің тәртібі уәкілетті орган бекітетін банкке клиенттерді тарту, банк талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке беру жөніндегі қызметтерді көрсету қағидаларында белгіленеді.

 

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 31-1-баппен толықтырылды; 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 31-1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 31-1-бап өзгертілдi (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

31-1-бап. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қаржы өнімдерін бекітуі туралы хабардар етуі

Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым уәкілетті органды банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қаржы өнімдерін бекітуге уәкілетті органының қаржы өнімдерін бекітуі туралы олар бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым олардың бекітілгендігі туралы уәкілетті органды хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесі, банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қаржы өнімдерін бекітуі туралы уәкілетті органды хабардар ету тәртібі, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың жəне хабарламада көрсетілетін бекітілген қаржы өнімдері жөніндегі мəліметтердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.

 

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 2005.12.23 № 107-III ( бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара); 2009.12.02. № 133-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 32-бап өзгертілді

32-бап. Банкінің банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарын ашу жөніндегі мiндетi

1. Банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттары ашық ақпарат болып табылады және ол коммерциялық немесе банк құпиясының мәнi бола алмайды. Бұл қалып осы Заңға сәйкес банк құпиясына не қолданылып жүрген заңдарға сәйкес коммерциялық құпия санатына жатқызылған нақты банк операциясын жүргiзу шарттарына қолданылмайды.

2. Банкiлер клиенттiң бірiншi талап етуi бойынша банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттар туралы ережесін беруге мiндеттi.

3. Банкiлердiң клиентке банк операциясын жүргiзуге байланысты ықтимал тәуекелдер туралы ақпарат беруден бас тартуға құқығы жоқ.

4. 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

5. Ислам банктері клиенттерге осы Заңның 52-5-бабында көрсетілген банк операциялары ерекшеліктерін және солармен байланысты тәуекелдерді түсіндіруге міндетті.

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

6. Банк операцияларын немесе өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны алғаннан кейін банк он жұмыс күні ішінде клиенттерге микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсілмен, жүргізілетін банк операцияларының және өзге де операциялардың тізбесін көрсете отырып, микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастырудың жүргізілгені туралы хабарлама жібереді.

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

7. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған банктің, талаптарды қарыз алушылар үшін жақсарту жағына қарай өзгертуді қоспағанда, микрокредит беру туралы шарттардың талаптарын өзгертуіне тыйым салынады.

 

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 33-бап өзгертiлдi

33-бап. Банк пен клиент арасындағы қатынастардың шарттық сипаты

1. Банкiлер арасындағы, сондай-ақ банкiлер мен олардың клиенттерi арасындағы қатынастар, егер Қазақстан Республикасының Заңдарында өзгеше көзделмесе, шарттар негiзiнде жүзеге асырылады.

2. Банк клиенттерi, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, кредитор-банктi хабардар ете отырып, басқа банктерде банктiк шоттар ашуға құқылы.

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3. Осы Заңның 46-бабы 1-тармағының бірінші бөлігі 2), 3), 5), 8), 9) және 10) тармақшаларының, 47-1-бабының 2-тармағы 2), 3) және 5) тармақшаларының, 48-1-бабы 1 және 7-тармақтарының, 59-3-бабы 5 және 7-тармақтарының, 61-6-бабы 3-тармағының, 61-8-бабы 4-тармағының, 61-9-бабы 2 және 3-тармақтарының, 61-10-бабы 1-тармағының, 61-11-бабының 13-тармағы 1) тармақшасының, 61-12-бабы 4-тармағының, 61-13-бабы 2-тармағының, 65-бабы 2-тармағының, 73-бабы 1 және 4-1-тармақтарының, 74-3-бабы 5-тармағының, 74-5-бабы 2, 3, 4, 5 жəне 6-тармақтарының ережелері бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша талаптарды есепке жатқызуға және (немесе) тарату неттингіне қатысты қолданылмайды.

Бас қаржылық келісім тараптары бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және шарттарда бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша талаптарды есепке жатқызуды және (немесе) тарату неттингін жүзеге асырады (қолданады).

Бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылған (қолданылған) талаптарды есепке жатқызу және (немесе) тарату неттингі нәтижесінде туындаған (есептелген) нетто-талап осы Заңда және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген кредиторлармен есеп айырысу қағидаларына сәйкес жалпы негіздерде қанағаттандырылады.

 

11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 06.07.04 ж. № 572-II; 2005.12.23 № 107-III ( бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 178-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 34-бап өзгертiлдi; 2005.12.23 № 107-III тақырыбы жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара); 2009.12.02. № 133-IV (бұр.ред.қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 34-бап өзгертiлдi; 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен 34-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 34-бап өзгертiлдi (бұр.ред.қара)

34-бап. Банктік қарыз операциясы

1. Банкпен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен жасалған банк қарызы, лизинг, факторинг, форфейтинг операцияларын жүзеге асыру, вексельдердi есепке алу, кепiлдiктер, кепiлдемелер, аккредитивтер шығару шарттары туралы ақпарат Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасында айқындалған шарттарда мемлекет қатысатын кредиттік бюроға міндетті түрде беруге жатады.

2015.17.07. № 333-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара);

2. Банктік қарыз шартын жасасу тәртібі, оның ішінде банктік қарыз шартының мазмұнына, ресімделуіне, міндетті талаптарына қойылатын талаптар, қарызды өтеу графигінің нысандары және қарыз алушыға-жеке тұлғаға арналған жадынамалар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген талаптар ескеріле отырып, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.

2-1. 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді және олар қолданысқа енгізілген күннен бастап бұрын жасалған шарттардан туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылды) (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара, 2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік қарыз шартының талаптарын, қарыз алушы үшін оларды жақсарту талаптарын қоспағанда, біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы емес.

Осы тармақтың мақсаттарында қарыз алушы үшін банктік қарыз шартының талаптарын жақсарту деп:

банктік қарызға қызмет көрсетуге байланысты көрсетілетін қызметтер үшін комиссияларды және өзге де төлемдерді азайту жағына қарай өзгерту немесе толық күшін жою;

тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) азайту жағына қарай өзгерту немесе толық күшін жою;

банктік қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай өзгерту;

банктік қарыз шарты бойынша төлемдерді кейінге қалдыру, оның ішінде мерзімді əскери қызмет өткеру мерзімін жəне ол аяқталғаннан кейінгі 60 күнді қамтитын кезеңге кейінге қалдыру жəне (немесе) ұзарту;

 Алтыншы абзацтың күші орындалмаған ақшалай міндеттемелер бойынша бұрын жасалған банктік қарыз шарттарынан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылды

қарыздың шетел валютасын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына ауыстырған кезде шетел валютасымен берілген ипотекалық қарыз бойынша ақшалай міндеттемені азайту жағына қарай өзгерту түсініледі.

Банктік қарыз шартында қарыз алушы үшін жақсарту талаптарының қосымша тізбесі көзделуі мүмкін.

Төртінші бөліктің күші орындалмаған ақшалай міндеттемелер бойынша бұрын жасалған банктік қарыз шарттарынан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылды

Осы тармақтың екінші бөлігінің алтыншы абзацында көзделген жағдайды қоспағанда, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым жақсарту талаптарын қолданған жағдайда, қарыз алушы банктік қарыз шартында көзделген тәртіппен, сондай-ақ «Төлемдер жəне төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген сəйкестендіру құралдарын қолдану арқылы банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыз алушы - жеке тұлғаны сəйкестендіруді жүзеге асыру мүмкіндігін беретін ақпараттандыру объектілері (бұдан əрі - ақпараттандыру объектілері) арқылы банктік қарыз шарты талаптарының өзгергені жөнінде хабардар етіледі.

Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қарыз бойынша ай сайынғы төлемдерді ұлғайтпай, банктік қарыз шарты бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды жəне (немесе) бөліп төлеуді ұсынуы қарыз алушының келісімі болған кезде жүзеге асырылады.

Қарыз алушы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде банктік қарыз шартында көзделген тəртіппен, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым қолданған жақсарту талаптарынан бас тартуға құқылы.

Алтыншы бөліктің күші орындалмаған ақшалай міндеттемелер бойынша бұрын жасалған банктік қарыз шарттарынан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылды

Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыру мақсатында осы тармақтың екінші бөлігінің алтыншы абзацында көзделген жақсарту талабын қолданған жағдайда, мұндай талап туралы хабарландыру жарияланады. Хабарландыру Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады. Хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарыз алушыдан және (немесе) кепіл берушіден жазбаша қарсылықтың болмауы қарыз алушының және (немесе) кепіл берушінің осы тармақтың екінші бөлігінің алтыншы абзацында көзделген жақсарту талабын қолдануға келісуі ретінде қаралады.

3-1. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 3-2-тармақ өзгертілдi (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3-2. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік қарыз шарты бойынша уəкілетті орган айқындаған тəртіппен қарыз бойынша сыйақыны есепке жазбай, мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшілерге мерзімді əскери қызмет өткеру мерзімін жəне ол аяқталғаннан кейінгі 60 күнді қамтитын кезеңге негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыруды ұсынуға міндетті.

Мерзімді əскери қызметке шақырылған əскери қызметшілер, сондай-ақ оларды қызметтен шығару, оларда банктік қарыздың болуы не болмауы, ол бойынша төлемді кейінге қалдырудың ұсынылуы туралы мəліметтерді алмасу Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша уəкілетті орган айқындаған тəртіппен мемлекеттік органдардың жəне кредиттік бюролардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.

Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларда дербес деректерді жинау, өңдеу жəне пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 3-3-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

3-3. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік қарыз беру туралы шешім қабылдағанға дейін алған, мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшінің кредиттік есебінде оны мерзімді əскери қызметке шақыру туралы ақпарат болған кезде банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның осындай əскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарында мерзімді əскери қызмет өткеруі кезеңінде банктік қарыздар беруіне тыйым салынады.

Мерзімді əскери қызметке шақырылған əскери қызметшілер, сондай-ақ оларды қызметтен шығару туралы мəліметтер алмасу Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша уəкілетті орган айқындаған тəртіппен мемлекеттік органдар мен кредиттік бюролардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.

Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларда дербес деректерді жинау, өңдеу жəне пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.

Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік қарыз беру туралы шешім қабылдағанға дейін алған, мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшінің кредиттік есебінде оны мерзімді əскери қызметке шақыру туралы ақпарат болған кезде банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осындай əскери қызметшіге банктік қарыз берген жағдайда, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым мұндай банктік қарыз бойынша міндеттемелердің орындалуын талап етуге құқылы емес жəне мұндай банктік қарыз беру фактісі анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, осы баптың 5-2-тармағының тоғызыншы бөлігінде көзделген шараларды қабылдайды.

4. Кез келген валютаның баламасына таңылып, теңгемен берілген банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені және төлемдерді индекстеуге жол берілмейді. Бұл шектеулер банктердің арасында жасалатын шарттарға қолданылмайды.

5. Тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген тұлғаларға банктік қарыздар беруге тыйым салынады.

2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 5-1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 5-1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5-1. Жеке тұлға банктік қарыздар алудан ерікті түрде бас тартуын кредиттік бюрода, «электрондық үкімет» веб-порталы не банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның «электрондық үкімет» шлюзінде орналастырылған сервистермен интеграцияланған ақпараттандыру объектілері арқылы тегін белгілеуге не оны алып тастауға құқылы.

2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 5-2-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-2-тармақ жаңа редакцияда

5-2. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік қарыз беру туралы шешім қабылданғанға дейін алған жеке тұлғаның кредиттік есебінде оның банктік қарыз алудан ерікті түрде бас тартуын белгілегені туралы ақпарат болған кезде банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның оған банктік қарыздар беруіне тыйым салынады.

Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның алу тәртібі және келісу қажет болатын тұтынушылық банктік қарыздың ең төмен мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын, тіркелуге жататын мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыздарды жеке тұлғаға жұбайының (зайыбының) келісімінсіз беруіне тыйым салынады.

Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның бұрын алынған банктік қарыздар және (немесе) микрокредиттер туралы ақпарат кредиттік есебінде жоқ жеке тұлғамен мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыз шартын банкте, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда өзінің қатысуынсыз жасасуына тыйым салынады. Жасасу үшін жеке тұлғаның өзінің қатысуы қажет болатын тұтынушылық банктік қарыз шарты бойынша банктік қарыздың ең төмен мөлшері уәкілетті органның осы баптың 2-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

Төртінші бөліктің қолданысы банктік қарыздарды (микрокредиттерді), оның ішінде талаптарында ақшаны толық көлемде немесе бөліктермен беру көзделген бұрын жасалған шарт шеңберінде берілетін банктік қарыздарды (микрокредиттерді) беруге қолданылады

Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым уәкілетті органның осы баптың 2-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда және тәртіппен жеке тұлғамен мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыз шартын осындай шарт жасасуға оның келісімін алғаннан кейін ғана жасасады. Көрсетілген шарт Интернет арқылы жасалған жағдайда, оны жасауға келісім кредиттік бюрода, «электрондық үкімет» веб-порталында не банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның «электрондық үкімет» шлюзінде орналастырылған сервистермен интеграцияланған ақпараттандыру объектілері арқылы ресімделеді.

Осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген талап банктік қарыз шартын жасасу, сондай-ақ тұтынушылық банктік қарыз сомасын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатушының (өнім берушінің) банктік шотына қарыз алушы (сатып алушы) алғанын растайтын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу мақсаттарына беру жағдайларына қолданылмайды.

5-2-тармақтың алтыншы және жетінші бөліктерінің қолданысы 2025 ж. 30 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі (болашақ редакцияны қараңыз)

Осы тармақтың бірінші, төртінші және алтыншы бөліктерінде көзделген талаптар тұтынушылық банктік қарыз сомасын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатушының (өнім берушінің) банктік шотына қарыз алушы (сатып алушы) алғанын растайтын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу мақсаттарына және (немесе) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның сол банкте, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда алынған банктік қарыз бойынша қарыз алушының берешегін өтеу мақсаттарына және (немесе) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз елу еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде төлем картасы бойынша белгіленген кредиттік лимит шеңберінде беру жағдайларына қолданылмайды.

Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптарды сақтамай банктік қарыз берген жағдайда, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым жеке тұлғадан мұндай банктік қарыз бойынша міндеттемелердің орындалуын талап етуге құқылы емес. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптар сақталмай банктік қарыз беру фактісі анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мынадай шараларды қабылдайды: