клиенттің осындай банктік қарыз бойынша берешегін есептен шығару туралы шешім қабылдайды;
клиенттің осындай банктік қарыз бойынша берешегін өндіріп алуды және талап-арыз жұмысын тоқтатады;
осындай банктік қарыз бойынша ақпарат туралы жазбаларды жою арқылы клиенттің кредиттік бюролардағы кредиттік тарихына түзетулер енгізеді;
осындай банктік қарыз бойынша сыйақының және (немесе) тұрақсыздық айыбының бұрын ұсталған (төленген) сомаларын клиентке қайтаруды жүзеге асырады.
Осы тармақтың тоғызыншы бөлігінде көзделген шаралар банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы баптың 15-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген құқық қорғау органдарының процестік құжаттарын алған жағдайда, осы тармақтың бірінші, үшінші, төртінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде көзделген талаптардың кез келгенін сақтамай банктік қарыз беру жағдайларына қолданылады.
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 5-3-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
5-3. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның банктік қарыз жəне (немесе) микрокредит бойынша күнтізбелік тоқсан күннен астам мерзімі өткен берешегі бар жеке тұлғаға кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз беруіне тыйым салынады.
Бұл тыйым жеке тұлғаның кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарызын жəне (немесе) микрокредитін өтеу мақсатында сыйақы мөлшерлемесін жəне (немесе) мерзімді төлемдер мөлшерін азайту жағына қарай өзгертуді жəне (немесе) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) азайту жағына қарай өзгертуді немесе толық жоюды көздейтін жақсарту талаптарында банктік қарыз беру жағдайларына қолданылмайды.
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 5-4-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
5-4. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым сомасы уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келмейтін тұтынушылық банктік қарыз беруге құқылы емес.
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 5-5-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 5-5-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (2024 ж. 23 қазаннан бастап жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады) (бұр.ред.қара)
5-5. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның жеке тұлғаны биометриялық сəйкестендіруді жүргізбей онымен Интернет арқылы банктік қарыз шартын жасасуына тыйым салынады, оны жүргізу тəртібін уəкілетті орган айқындайды.
Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талаптарды сақтамай, Интернет арқылы жеке тұлғамен банктік қарыз шартын жасасқан жағдайда, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым мұндай банктік қарыз бойынша міндеттемелердің орындалуын талап етуге құқылы емес жəне мұндай банктік қарыз беру фактісі анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей осы баптың 5-2-тармағының оныншы бөлігінің талаптарын ескере отырып, тоғызыншы бөлігінде көзделген шараларды қабылдайды.
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 5-6-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
5-6. Банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға салынып жатқан көппəтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі пəтерді жəне (немесе) тұрғын емес үй-жайды немесе жеке тұрғын үйді, немесе тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы олардың үлесін үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсатсыз немесе «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кепілдігін беру туралы шартсыз жеке, заңды тұлғаның жəне (немесе) қызметін бірлескен қызмет туралы шартқа сəйкес жүзеге асыратын тұлғаның (жай серіктестік, консорциум) ақшасын тарту есебінен сатып алуға ипотекалық қарыздар беруге тыйым салынады.
6-тармақтың қолданысы 2011 ж. 10.02. № № 406-IV ҚР Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап бұрын жасалған шарттардан туындайтын қатынастарға қолданылды
6. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның мынадай:
1) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның жаңа қарыздар беруді жүзеге асырмау құқығы туындайтын, банктік қарыз шартында көзделген;
2) қарыз алушы банктік қарыз шарты бойынша банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның алдындағы өз міндеттемелерін бұзған;
3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүргізетін мониторинг нәтижелері бойынша анықталған қарыз алушының қаржылық жағдайы нашарлаған;
4) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның банктік қарыз шартын тиісінше орындауына әсер ететін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары өзгерген жағдайларды қоспағанда, жасалған банктік қарыз шартының (шарттарының) шеңберінде жаңа қарыздар беруді біржақты тәртіппен тоқтата тұруға құқығы жоқ.
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды; 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 6-1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-1. Қарыз алушы - жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шарты бойынша банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға негізгі борыш және (немесе) сыйақы сомалары бойынша төлемдердің кез келгенін өтеу міндеттемесін орындау мерзімін өткізіп алудың қатарынан күнтізбелік тоқсан күні өткен соң есепке жазылған сыйақыны, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлды), сондай-ақ қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдерді төлеуді талап етуге тыйым салынады.
Осы тармақтың талабы банктік қарыз шартына, егер оны жасасу күні негізгі борыш сомасы тіркеуге жататын мүлік кепілімен және (немесе) ақша кепілімен толық қамтамасыз етілген болса, қолданылмайды.
2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 6-2-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
6-2. Жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шартын орындау талаптарын өзгерту немесе жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарызын өтеу мақсатында жаңа қарыз беру кезінде негізгі борыш сомасына капиталдандырылған (жинақтап қосылған) мерзімі өткен сыйақыға, тұрақсыздық айыбына (айып пұлдарға, өсімпұлдарға), қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдерге сыйақыны есепке жазуға жол берілмейді.
7. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қарыз алған қарыз алушы - жеке тұлға, қарыз берілген күннен бастап банк есептеген сыйақыларды төлей отырып, банктік қарыз шартын жасасқан күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде қарызды қайтаруға құқылы.
Осы тармақта көзделген жағдайда, қарызды қайтарғаны үшін тұрақсыздық айыбы немесе айыппұл санкцияларының өзге де түрлері алынбайды.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 7-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді және олар қолданысқа енгізілген күннен бастап бұрын жасалған шарттардан туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылды); 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 7-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7-1. Жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушы жүргізген төлем сомасы, егер ол қарыз алушының банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерін орындауы үшін жеткіліксіз болса, қарыз алушының берешегін мынадай кезектілікпен өтейді:
1) негізгі борыш бойынша берешек;
2) сыйақы бойынша берешек;
3) осы Заңның 35-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалған мөлшердегі тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);
4) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін негізгі борыш сомасы;
5) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін есепке жазылған сыйақы;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдер;
6) кредитордың орындауды алу бойынша шығасылары.
Мерзімін өткізіп алудың қатарынан күнтізбелік тоқсан күні өткеннен кейін жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушы жүргізген төлем сомасы, егер ол қарыз алушының банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерін орындауы үшін жеткіліксіз болса, қарыз алушының берешегін мынадай кезектілікпен өтейді:
1) негізгі борыш бойынша берешек;
2) сыйақы бойынша берешек;
3) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін негізгі борыш сомасы;
4) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін есепке жазылған сыйақы;
5) осы Заңның 35-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалған мөлшердегі тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 5-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-1) қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге төлемдер бойынша берешек;
6) кредитордың орындауды алу бойынша шығасылары.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Банктiк қарыз операциялары банктiң, ипотекалық ұйымның немесе агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымның басқару органы бекiтетiн Ішкi кредит саясаты туралы қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
9. Банктiң кредит комитетi ішкi кредиттік саясатты жүзеге асыратын орган болып табылады.
10. Iшкi кредиттік саясат туралы қағидалар банктiк қарыз операцияларын жүзеге асыру кезiнде тәуекелдi төмендету мақсатында жасалады және мыналарды:
1) жеке және заңды тұлғаларға кредиттер беру шарттарын;
2) лауазымды адамдар мен банк қызметкерлерiне кредит беру шарттарын;
3) кредиттік комитеттiң ұйымдық құрылымын, функциясын және өкiлеттiгiн;
4) кредиттік комитет мүшелерiнiң жауапкершiлiгiн;
5) кредит берудiң лимиттерін;
6) кредиттік шарттарды бекіту рәсiмiн;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) жеке тұлғаға банктік қарыз беру үшін кредиттік скорингтің болу қажеттілігін;
7) кредит беру туралы өтініштерді қараудың, кредит беру (беруден бас тарту) туралы шешім қабылдаудың, кредит беру шарттарын өзгертудің шекті мерзімдерін айқындайды.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 10-1-тармақпен толықтырылды
10-1. Банктік қарыз беру туралы мәселені қарау кезінде банк өз әдістемесі негізінде есептелген жеке тұлғаның кредиттік скорингін немесе кредиттік бюро берген кредиттік скорингті ескереді.
11-тармақтың қолданысы 2011 ж. 10.02. № № 406-IV ҚР Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап бұрын жасалған шарттардан туындайтын қатынастарға қолданылады
11. Егер қарыз беру туралы шарттарда сақтандыру және (немесе) қамтамасыз ету болып табылатын мүліктің нарықтық құнын айқындау мақсатында бағалау жүргізу шарттарын жасасу туралы талаптар көзделген болса, банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қарыз алушыға, кепіл берушіге сақтандыру ұйымын және (немесе) бағалаушыны таңдауда шек қоюға құқығы жоқ.
Қарыз алушыға банктік қарыз шартымен өз өмірін немесе денсаулығын сақтандыру міндеті жүктелмейді.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12. Осы баптың 4, 5, 8 - 11-тармақтарында белгіленген нормалар банктердің кепілдіктер мен кепілдемелер беру жөніндегі операцияларына, сондай-ақ ислам банктерінің осы Заңның 52-5-бабы 1-тармағының 3), 4), 4-1) және 5) тармақшаларында көрсетілген операцияларына қолданылады.
13. Ислам банкінің банктiк қарыз және өзге де операцияларды жүргiзу ерекшелiктерi мен шектеулерi осы Заңның 4-1-тарауында белгiленедi.
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 14-тармақпен толықтырылды; 2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14. Банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) үшінші тұлғаға берілген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасымен кредитордың қарыз алушымен банктік қарыз шарты шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулердің күші қарыз алушының өзіне банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) берілген үшінші тұлғамен құқықтық қатынастарына қолданылады, ал банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына берілген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасымен кредитордың қарыз алушымен банктік қарыз шарты шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулердің күші қарыз алушының сервистік компаниямен құқықтық қатынастарына қолданылады.
Өзіне банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) берілген үшінші тұлғаның, сондай-ақ сервистік компанияның Қазақстан Республикасының заңнамасымен кредитордың қарыз алушымен банктік қарыз шарты шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулерді бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 15-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 15-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15. Банк құпиясын құрайтын ақпаратқа құқыққа сыйымсыз қол жеткізілгені, оның құқыққа сыйымсыз өзгертілгені, үшінші тұлғалар тарапынан құқыққа сыйымсыз əрекеттердің не жеке тұлғалардың банктік қарыздарымен өзге де заңсыз (алаяқтық) əрекеттердің жүзеге асырылғаны анықталған кезден бастап банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бір жұмыс күні ішінде бұл туралы клиентке жəне уəкілетті органға хабарлайды, екі жұмыс күні ішінде құқыққа сыйымсыз əрекеттерді жою үшін шаралар қабылдайды жəне он жұмыс күні ішінде мұндай əрекеттердің салдарын жою үшін шаралар қабылдайды.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сəйкес құқық қорғау органдары енгізген (шығарған) қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мəн-жайларды жою жөніндегі шараларды қабылдау туралы ұсынымның не қарыз алушы-жеке тұлғаны банктік қарызды алаяқтық тəсілмен ресімдеуге байланысты қылмыстық құқық бұзушылық бойынша жəбірленуші деп тану туралы қаулының негізінде банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым күнтізбелік үш күннен кешіктірмей:
клиенттің осындай банктік қарызы бойынша берешекті өндіріп алуды жəне талап-арыз жұмысын тоқтата тұрады;
клиенттің осындай банктік қарызы бойынша сыйақы жəне (немесе) тұрақсыздық айыбын есепке жазуды тоқтата тұрады.
Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым клиенттің сəйкестендіру құралдарын үшінші тұлғаның заңсыз алуы жəне пайдалануы салдарынан, оның ішінде банктің қызметтерін қашықтан көрсетудің бағдарламалық қамтылымын алыстан басқаруды пайдалану немесе банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның биометриялық сəйкестендіруді жүргізу тəртібін не уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген ішкі жəне сыртқы алаяқтық фактілерін анықтау, тіркеп-белгілеу жəне талдау жөніндегі талаптарды бұзуы арқылы банктік қарызды ресімдеу кезінде қылмыстық іс бойынша жəбірленуші деп танылған клиентке алаяқтық тəсілмен банктік қарызды ресімдеу фактісі анықталған, заңды күшіне енген сот актісін алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, клиенттің банктік қарыз бойынша берешегін есептен шығару туралы шешімді, сондай-ақ осындай банктік қарыз бойынша бұрын ұсталған (төленген) сомаларды клиентке қайтару жөніндегі шараларды қабылдайды.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 34-1-баппен толықтырылды
34-1-бап. Жеке тұлғаға кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ипотекалық қарыз беру ерекшеліктері
1. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым жеке тұлғамен кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ипотекалық қарыз шартын жасағанға дейін банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ішкі қағидаларына сәйкес қарыз алушының кредит төлеу қабілеттілігін (төлем қабілеттілігін) жан-жақты, толық және сапалы бағалауды (бұдан әрі - қарыз алушының кредит төлеу қабілеттілігін тиісінше бағалау) жүзеге асыруға міндетті.
Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның:
1) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қалауы бойынша мынадай құжаттардың бірімен:
жеке зейнетақы шотынан берілетін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының соңғы алты айдағы үзінді-көшірмесімен;
жұмыс орнынан берілген соңғы алты айдағы кірістері туралы анықтамамен;
қарыз алушының - жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша соңғы салық кезеңіндегі салық декларациясымен;
банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ішкі құжаттарына және рәсімдеріне сәйкес жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ипотекалық қарыз шарты бойынша қарыз алушының міндеттемелерін орындау мүмкіндігінің бар екенін көрсететін өзге де құжаттармен расталған, жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ипотекалық қарыз шарты бойынша қарыз алушының міндеттемелерді орындау мүмкіндігінің болуын;
2) қарыз алушының соңғы алты айдағы кредиттік тарихының бар екенін не жоқ екенін;
3) салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің бар екенін не жоқ екенін;
4) үшінші тұлғалар алдында кредиттік есепте көрсетілген берешектің бар екенін не жоқ екенін айқындау жөніндегі іс-шаралары осы баптың мақсаттары үшін қарыз алушының кредит төлеу қабілеттілігін тиісінше бағалау болып танылады.
Қарыз алушының кредит төлеу қабілеттілігін қарыз алушы жөніндегі мәліметтермен жиынтықта тиісінше бағалау жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ипотекалық қарыз шарты бойынша қарызды қайтару жөніндегі міндеттемелердің орындалуы үшін ынтамақты жауапты ретінде әрекет ететін жеке тұлға (қоса қарыз алушы) жөніндегі мәліметтерді ескереді.
Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның осы тармақта көзделген қарыз алушының кредит төлеу қабілеттілігін тиісінше бағалауды жүзеге асыруы үшін қарыз алушының (қоса қарыз алушының) анық емес ақпарат ұсынғаны үшін банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым жауапты болмайды.
2. Жеке тұлға өтініш жасаған күннің алдындағы қатарынан алты ай ішінде шетел валютасында кірісі болмаған жеке тұлғаларға кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ипотекалық қарыздарды шетел валютасында беруге тыйым салынады.
3. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ипотекалық қарыз шарттары бойынша ипотекалық қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты банктік шотты жүргізгені үшін, сондай-ақ банктік шотқа қарызды есепке жатқызғаны үшін комиссия белгілеуге және алуға құқылы емес.
4. Жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ипотекалық тұрғын үй қарызы шартының талаптарын өзгерту немесе ипотекалық тұрғын үй қарызы шартын өтеу мақсатында жаңа қарыз беру кезінде мерзімі өткен сыйақыны, тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) негізгі борыш сомасына капиталдандыруға (жинақтауға) жол берілмейді.
5. Жеке тұлға болып табылатын қарыз алушы ипотекалық тұрғын үй қарызының нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз етуге міндетті.
Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ипотекалық тұрғын үй қарызы шартында белгіленген тәртіппен жеке тұлғаның ипотекалық тұрғын үй қарызының нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады.
Жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ипотекалық тұрғын үй қарызы нысаналы пайдаланылмаған кезде қарыз алушы банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға ипотекалық тұрғын үй қарызын мерзімінен бұрын қайтаруға және ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалану бөлігінде ипотекалық тұрғын үй қарызының нысанасы пайдаланылған бүкіл кезең үшін ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты бойынша есепке жазылған сыйақы төлеуге міндетті.
6. Қарыз алушының жеке басына байланысты өзгерістер болған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарыз алушы банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға осындай барлық өзгерістер туралы ақпарат береді.
Қарыз алушының жеке басына байланысты өзгерістерге оның тұрғылықты жерінің өзгеруі, тегінің, атының, әкесінің атының (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) ауысуы, жеке басты куәландыратын құжаттарды ауыстыруы, қарыз алушымен байланысу үшін пайдаланылатын байланыс ақпаратының және байланыс тәсілінің өзгеруі жатады.
Егер қарыз алушы ақпараттың тиісті түрде жіберілгенін дәлелдесе, банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қарыз алушыдан оның жеке басына байланысты барлық өзгерістер туралы ақпарат алмағаны туралы мәлімдемесі қарыз алушының тарапынан осы баптың талаптарын бұзу болып табылмайды.
7. 2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. 2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертілді
9. Жеке тұлға болып табылатын қарыз алушы берешегінің ұлғаюын болғызбау мақсатында банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ипотекалық қарыз шарты бойынша негізгі борыш және (немесе) сыйақы сомалары бойынша төлемдердің кез келгенін өтеу міндеттемесін орындау мерзімін өткізіп алудың қатарынан күнтізбелік бір жүз сексен күн өткен соң есепке жазылған сыйақыны, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлды), сондай-ақ қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдерді төлеуді талап етуге тыйым салынады.
10. Егер қарыз алушы жүргізген төлем сомасы жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ипотекалық қарыз шарты бойынша қарыз алушының міндеттемесін орындау үшін жеткіліксіз болса, ол қарыз алушының берешегін мынадай кезектілікпен өтейді:
2) ипотекалық қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдер бойынша берешек;
3) осы Заңның 35-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалған мөлшерде тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);
4) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін есепке жазылған сыйақы;
5) ипотекалық қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдер;
6) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның орындауды алу бойынша шығасылары;
7) негізгі борыш бойынша берешек;
8) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін негізгі борыш сомасы.
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
11. Тұрғынжай банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның меншігіне өткен жəне (немесе) тұрғынжай акт бойынша берілген жəне «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес халықтың əлеуметтік жағынан осал топтарына жататын кепіл беруші - жеке тұлғаның меншігінде өзге тұрғынжай болмаған жағдайларда, осындай тұрғынжай банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның меншігіне өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға өзіне осы тұрғынжайды жалға беру, соның ішінде оны сатып алу шартымен жалға беру туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 12-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
12. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы баптың 11-тармағында көзделген өтінішті алған күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде оны қарайды жəне жеке тұлғаға мынадай шешімдердің бірі туралы: