«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 165 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 165 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № ҚР ДСМ-36 бұйрығына (Нормативтік құқықтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22673 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында:

3-тармақтың 27) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«27) қуаты аз объектілер (шағын өндіріс) - өнімділігі: ет, құс еті, балық, шұжық өнімдерін тәулігіне 3,0 тоннаға (бұдан әрі - т) дейін қайта өңделетін шикізатты (сүрлейтін цехтары жоқ); сүтті, оның ішінде ірімшік өндіретін (сүрлеусіз) - қайта өңделетін 3,0 т-ға дейін; нан және нан-тоқаш өнімдері - тәулігіне 3,0 т-ға дейін; кондитерлік өнімдер - тәулігіне 0,3 т-ға дейін; аспаздық өнімдер - тәулігіне 0,1 т-ға дейін; макарон өнімдері - тәулігіне 0,1 т-ға дейін; ет, балық және құс өндірісінің барлық түрлерін қоспағанда, жүзім, жеміс-жидек, көкөніс және жидек шырындарын өндіру және көкөністерді, жемістер мен жидектерді өңдеу (кептіру, тұздау, маринадтау және ашыту) бойынша консервілеу өндірісі - тәулігіне 0,3 т-ға дейін; алкоголь және алкогольсіз өнімдерді, оның ішінде табиғи минералды суды қоса алғанда, қаптамаланған ауыз суды тәулігіне 4000 литрге дейін (жылына жүз мың декалитр) объектілер;»;

9-тармақтың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.