«Цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеу» қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 142/НҚ бұйрығы
(2026.12.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023.13.09. № 404/НҚ бұйрығымен (2023 ж. 19 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026.02.06. № 276/НҚ бұйрығымен (2026 ж. 15 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026.02.06. № 276/НҚ бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 15 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023.13.09. № 404/НҚ бұйрығымен (2023 ж. 19 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026.02.06. № 276/НҚ бұйрығымен (2026 ж. 15 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Осы беріліп отырған «Цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеу» қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Электрондық өнеркәсіпті және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;