Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 242 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін.
2. Мыналар:
1) «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 328 бұйрығының 1-тармағының 1) тармақшасы;
2) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қарашадағы № 734 бұйрығының 1-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын.