«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 20 наурыздағы № 186 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:
1009) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1010), 1011), 1012), 1013), 1014), 1015), 1016), 1017), 1018), 1019), 1020), 1021), 1022), 2023), 1024), 1025), 1026), 1027), 1028), 1029) және 1030) тармақшаларымен толықтырылсын:
«1010) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті салада жұмылдыру тапсырысын орындау үшін қажетті тауарлардың тізбесін айқындау және көлем есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
1011) жұмылдыру резерві бөлігінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемін қалыптастыру үшін, тиісті салада жұмылдыру тапсырысын орындау үшін қажетті тауарлардың тізбесін айқындау және көлемін есептеу әдістемесіне сәйкес жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдардың қажеттіліктеріне талдау жүргізу;
1012) жұмылдыру резервi бөлігінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемі бойынша мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;
1013) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне гуманитарлық көмек көрсету үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын броньнан шығару туралы ұсыныстар енгізу;
1014) мемлекеттік материалдық резерв және жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша қарыз алу тәртібімен жұмылдыру резервінен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешім қабылдау;