«Жезқазған қаласы әкімдігінің Жезқазған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің «Мәдениет және демалыс парктерін басқару» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындау туралы» Ұлытау облысы Жезқазған қаласының әкімдігінің 2025 жылғы 2 сәуірдегі № 13/01 Қаулысы

Жезқазған қаласы әкімдігінің Жезқазған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің «Мәдениет және демалыс парктерін басқару» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындау туралы
Ұлытау облысы Жезқазған қаласының әкімдігінің 2025 жылғы 2 сәуірдегі № 13/01 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 27-бабының 2) тармағына, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсанындағы № 1193 қаулысына сәйкес, Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жезқазған қаласы әкімдігінің Жезқазған қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің «Мәдениет және демалыс парктерін басқару» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2. Жезқазған қаласы әкімдігінің «Жезқазған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің «Мәдениет және демалыс парктерін басқару» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындау туралы» 2024 жылғы 12 шілдедегі № 31/07 қаулысының күші жойылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.