«Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін, оның ішінде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері белгіленетін индикаторлардың ең аз тізбесін әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 шiлдедегі № 257 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 26 тамыздағы № 176 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін, оның ішінде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері белгіленетін индикаторлардың ең аз тізбесін әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 257 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23615 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу қағидаларында:
8-тармағының 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«8) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерінің жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар хаттамасы;»;
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
«11-1. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу кезінде мүдделі жұртшылықтың қатысуы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 3 тамыздағы № 286 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23901 болып тіркелген) бекітілген Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларына сәйкес қамтамасыз етіледі.»;
14-тармағының 6) тармақшасының алтыншы абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерінің жобасын әзірлеудің негізгі әдістерін, оның ішінде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерінің жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу жоспарын;»;
16-тармағының 1) және 2) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын: