Абай облысы аумағында тіркелген, Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы
Абай облысы мәслихатының 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 19/131-VIII шешімі
Осы редакция 2025 ж. 22 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 12-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
1. Абай облысы аумағында тіркелген, Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды осы шешімнің қосымшасына сәйкес қосымша берілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
2024 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 19/131-VIII шешімімен
бекітілген
Абай облысы аумағында тіркелген, Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы тізбесі