«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 133 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 22 шілдедегі № 268 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 133 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) еңбек қатынастары мәселелері заңнамаға сәйкес жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік Аппаратының басшысына Комитет қызметкерлерін тағайындау және лауазымдардан босату туралы ұсыныстар енгізеді;»;
4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) еңбек қатынастары мәселелері заңнамаға сәйкес жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік Аппаратының басшысына Комитет қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыс беру, сыйлықақы беру, лауазымдық айлықақыларына үстемеақы белгілеу, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), олардың біліктілігін арттыру мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізеді;