«Бейресми білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 508 бұйрығы (2023.06.08. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Бейресми білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 508 бұйрығы

(2023.06.08. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 24 қазандағы № 544 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 24 қазандағы № 322 бірлескен бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2023.17.07. № 212 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 6 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2023.17.07. № 212 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 6 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 84) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2023.17.07. № 212 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 6 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Бейресми білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидалары бекітілсін.

2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.