2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 26-бабы 2-тармағы 2) тармақшасының және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағы 8) тармақшасының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 31 тамыздағы № 26-НҚ нормативтік қаулысы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АТЫНАН
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Төраға Э.Ә. Азимова, судьялар А.Қ. Ескендіров, А.Е. Жатқанбаева, А.Қ. Қыдырбаева, Қ.С. Мусин, Б.М. Нұрмұханов, Е.Ж. Сәрсембаев және С.Ф. Ударцев қатысқан құрамда:
өтініш субъектілері С.А. Палмагамбетовтің (өкілі – заң консультанты Г.К. Кубжасарованың) және Т.Ж. Шекетовтің,
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының өкілі – бас консультант Г.А. Аукашеваның,
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының өкілі – бас консультант Б.А. Қайрақбаеваның,
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің өкілі – Аппарат басшысы Ж.С. Ахметовтің,
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі – бірінші вице-министр А.Ә. Сарбасовтың,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілі – төраға орынбасары С.С. Мүксімовтің,
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі – төрағаның бірінші орынбасары Д. М. Малаховтың,
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өкілі – вице-министр Б.Ш. Жақселекованың,
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілі – Бас Прокурордың аса маңызды тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі М.Т. Кемаловтың,
сарапшы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық құқық кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Н.В. Гилеваның қатысуымен,