«Павлодар қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 104/11 «2024 - 2026 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2024 жылғы 18 желтоқсандағы № 207/23 шешімі

Павлодар қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 104/11 «2024 - 2026 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2024 жылғы 18 желтоқсандағы № 207/23 шешімі

 

Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Павлодар қалалық мәслихатының «2024 - 2026 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті туралы» 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 104/11 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 191126 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:

1 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2024 - 2026 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 239 173 468 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер - 215 953 587 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 562 910 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 10 862 948 мың теңге;

трансферттер түсімі - 11 794 023 мың теңге;

2) шығындар - 245 831 199 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - - 3 786 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер - нөлге тең;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 3 786 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 488 844 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 488 844 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - нөлге тең;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 7 142 789 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 7 142 789 мың теңге.»;

4 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«4. 2024 жылға арналған Павлодар қалалық бюджетінде жоғары тұрған бюджеттен азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын арттыруға берілетін 2 118 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін.»;

5 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.