Сот кабинеті - заманауи технология

19.08.2022

Сот кабинеті - заманауи технология

 

Көкшетау қаласының

мамандандырылған тергеу сотының

бас маманы-сот отырысының хатшысы Мұқанова Динара Х.

 

Электронды формат түрінде сот кабинеті ең алдымен халыққа сот жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамассыз етеді. Дәл осы «кабинет» арқылы сотқа электронды түрде талап-арыз, шағым, өтініш беруге, тіпті мемлекеттік баж салығында онлайн режимде төлеуге, сот құжаттары мен жалпы сот ісіне қатысты барлық құжатты қадағалап отыруға болады.

Азаматтар мен уәкілетті органдарға Сот кабинеті сервисінің жаңа мүмкіндіктерін, қолдану барысын түсіндіруі негізгі мақсат болып табылады.

Сонымен қатар, сот кабинетін пайдаланушы «Іс құжаттары бойынша құжаттар» бөлімі арқылы пікір, қарсы талап арыз, сот процесінің хаттамасына ескертулер, атқару парағын жолдау туралы өтініш, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыз, сот актілерінің көшірмелерін беру туралы арыз және осы секілді басқа да өтініштерді бере алады.

Сот кабинетінің мобильді қосымшасындағы жаңалықтар сервисі істерді қарауға, нақты сот органы бойынша таңдап алу мүмкіндігі мен тағайындалған сот отырыстары туралы ақпаратты (өткізу күнін, орнын, уақытын) онлайн режімде табуға; тапсырылған құжаттар сервисі осы қосымшаны пайдаланушыға мобильдік қондырғыға жүктеу мүмкіндігімен сот органдарына Сот кабинеті веб-сервисі арқылы жолданған барлық барлық құжаттарды көруге; хабарлау сервисі – пайдаланушыға сот органдарына берген сот құжаттарының мәртебесін бақылап отыруға; сот процесі қатысушыларының күнтізбесі сервис, күнтізбеге оқиғаларды қосуға, сондай-ақ сіз процесс қатысушысы болып табылатын сот отырыстары туралы мәліметтерді көрсетуге; чат сервисі қосымша пайдаланушыларына мәтіндік хабарламалармен алмасуға мүмкіндік береді.

 Бұл механизм сот жүйесіне қолжетімділікті арттырудың кезекті қадамы болып табылады және осы бағыттағы тұрақты қолжетімділікті қамтамасыз етеді.