Ломбардтардың сауда қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 12 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 608 бірлескен бұйрығы
ҚР Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 13-НҚ және ҚР Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 90 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 4-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Ломбардтардың сауда қызметін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасарына және жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.