ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес туралы
(2025.27.09. берілген өзгерістермен)
Осы Жарлыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Президентінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 1251 Жарлығын қараңыз (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
2) Кеңестің құрамы бекітілсін.
3. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы Жарлық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 220 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады.
2. Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Кеңес туралы осы Ережені басшылыққа алады.
2. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары