Биржада бағалы қағаздардың сауда-саттығын жүзеге асыру өлшемшарттарын айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 2 қазандағы № 818 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Салық кодексі 436-бабының 13) тармақшасына және 681-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес биржада бағалы қағаздармен сауда-саттықты жүзеге асыру өлшемшарттары айқындалсын.
2. «Қазақстан қор биржасы» (келісу бойынша) және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасы» (келісу бойынша) акционерлік қоғамдары ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей, өздерінің интернет-ресурстарында осы қаулыда белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін бағалы қағаздар туралы ақпарат орналастырып тұрсын.
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Үкіметінің
2025 жылғы 2 қазандағы
№ 818 қаулысына 1-қосымша
Биржада бағалы қағаздардың сауда-саттығын жүзеге асыру
өлшемшарттары
1. Бағалы қағаздардың (инвестициялық пай қорларының пайларын және борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда) сауда-саттығын жүзеге асырған кезде мынадай өлшемшарттар қатар сақталады:
1) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін биржаларда бағалы қағаздармен орындалған мәмілелер көлемі күнтізбелік айда кемінде 25 (жиырма бес) миллион теңгені құрайды;
2) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін биржаларда бағалы қағаздармен орындалған мәмілелер саны күнтізбелік айда кемінде 50 (елу) мәмілені құрайды;