«Ауыл шаруашылығы өнімінің және оны өңдеуден алынған өнімдердің табиғи кему, кебу, азаю, бұзылу нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 3-4/617 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 15 желтоқсандағы № 467 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ауыл шаруашылығы өнімінің және оны өңдеуден алынған өнімдердің табиғи кему, кебу, азаю, бұзылу нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 3-4/617 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10017 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
преамбула мынадай редакцияда жазылсын:
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
осы бұйрықпен бекітілген Ауылшаруашылық өнімінің және оны қайта өңдеуден алынған өнімдердің табиғи кему, кебу, азаю, бұзылу нормаларында: 49-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«49-бөлім. Әр түрлі мерзімде пісетін асханалық тамыржемістілер, картоп, жемісті және жасыл көкөніс дақылдар массаларын сақтау кезіндегі табиғи кему, кебу, азаю, бұзылу нормалары