Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XXVII сессиясының 2025 жылғы 11 ақпандағы № 200 шешiмi
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2025 жылдың 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
2025 жылғы 11 ақпандағы
№ 200 шешіміне қосымша
Алматы қаласы мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
1. «Алматы қаласы аумақтарының функционалдық аймақтарында құрылыс салудың қалақұрылыстық регламенттерін жүзеге асыру жоспарын бекіту туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2006 жылғы 20 қарашадағы № 284 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 720 болып тіркелген);
2. «Алматы қаласы аумақтарының функционалдық аймақтарында құрылыс салудың қалақұрылыстық регламенттерін жүзеге асыру жоспарын бекіту туралы» ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2006 жылғы 20 қарашадағы XXVІ сессиясының № 284 шешіміне толықтыру енгізу туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2016 жылғы 11 наурыздағы № 417 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1277 болып тіркелген);