«Денсаулық сақтау технологияларына бағалау жүргізу және оларды қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-215/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 25 қарашадағы № 97 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1.«Денсаулық сақтау технологияларына бағалау жүргізу және оларды қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-215/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21705 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 133-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау технологияларына бағалау жүргізу және оларды қолдану қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Денсаулық сақтау технологияларына бағалау жүргізу және оларды қолдану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 133-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау технологияларына бағалау жүргізу және оларды қолдану тәртібін айқындайды.
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Денсаулық сақтаудың кешенді технологияларын бағалау есебі бастамашы ДТБ бағалау есебін қабылдаған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде қаралады және Кодекстің 5-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі бірлескен комиссияның (бұдан әрі - СБК) қызметі туралы ережемен айқындалған СБК қарауына шығарылады.»;
24-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Ұсынылған материалдар негізінде СБК немесе ФК отырыс өткізілетін күні мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: