(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӘЛЕУМЕТТІК-ЕҢБЕК САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТ...

Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 тамыздағы № 204 Қаулысы

(2017.07.08. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2017 жылғы 31 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері бекітілсін:

1) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017.21.04. № 108 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2) «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру»;

3) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017.07.08. № 213 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4) «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу»;

5) «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету»;

6) «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»;

7) «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»;

8) «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу»;

9) «Мүгедектерге кресло-арбалар беру»;

10) «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.