Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 16 шілдедегі № 361 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жаңа ғимараттар мен құрылысжайларды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 15 мамырдағы № 240 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38739 болып тіркелген) мынандай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңа ғимараттар мен құрылысжайларды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларында:
1-қосымшаның 1 тармағы 7) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«7) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы орган (астана, республикалық маңызы бар қала, облыстық маңызы бар қалалар, аудандар) берген сәулет-жоспарлау тапсырмасы;
8) астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарымен келісілген эскиздік жобалар;»;
2-қосымшаның 1 тармағы 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) қолданыстағы объектінің сыртқы келбетін (фасадтарын) өзгерту және (немесе) аумағын қайта жоспарлау шартымен сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы орган (астана, республикалық маңызы бар қала, облыстық маңызы бар қалалар, аудандар) берген сәулет-жоспарлау тапсырмасы;»;
5-қосымшаның 1 тармағы 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: