«Шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидалары» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығы (2026.14.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидалары

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығы

(2026.14.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2026.29.06. № 454 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 14 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2020.31.03. № 275 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2024.19.07. № 571 бұйрығымен (2024 ж. 3 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.29.06. № 454 бұйрығымен (2026 ж. 14 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда

«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 10) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Ішкі істер министрінің 2026.29.06. № 454 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 14 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидалары бекітілсін;

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы департаменті:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.