Рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы № 46 бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 7 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-2-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;