«Өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдаланудың үлгілік қағидаларын және өкілдік шығындардың нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 863 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2026 жылғы 9 шілдедегі № 465 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдаланудың үлгілік қағидаларын және өкілдік шығындардың нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 863 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17522 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдаланудың үлгілік қағидаларында және өкілдік шығындардың нормаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өкілдік шығындар - бұл тиісті қаржы жылына жергілікті бюджетте көзделген және шетелдік делегацияларды қабылдауға, отырыстар, конференциялар, кеңестер, семинарлар, салтанатты және ресми іс-шаралар өткізуге пайдаланылатын қаражат.
Өкiлдік шығындарға:
1) іс-шараларды өткiзу үшiн үй-жай жалдауға;
2) автокөлiктік қызмет көрсетуге;
3) аудармашылардың қызметiн төлеуге;
4) ресми түскi астарға, кешкi астарға, фуршеттерге;
5) кәдесыйлар, естелiк сыйлықтар сатып алуға;
6) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әкiмі рұқсат еткен өзге шығыстарға арналған шығындар жатады.»;
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жергілікті бюджеттен өкілдік шығындарға қаражат бөлу астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының тиісті тәртібі негізінде жүзеге асырылады.»;
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: