Мотор майларын таңбалау және оларды қадағалау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 44-н/қ бұйрығы
Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Энергетика министрінің 2026 жылғы 24 тамыздағы № 316-н/қ бұйрығын қараңыз (2026 ж. 27 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мотор майларын таңбалау және оларды қадағалау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ-химия және техникалық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 11-тарауын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Е. Аккенженов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2026 жылғы 30 қаңтардағы
№ 44-н/қ бұйрығымен бекітілді
Мотор майларын таңбалау және оларды қадағалау
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер