Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 17 сәуірдегі № 100-НҚ бұйрығы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабының 6-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. 2026 жылғы 30 сәуір - 20 мамыр аралығында орта (бастауыш, негізгі орта) білім беру ұйымдарында 4 және 9-сынып білім алушыларының арасында білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (бұдан әрі - ББЖМ) жүргізілсін.
2. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ББЖМ жүргізу үшін орта (бастауыш, негізгі орта) білім беру ұйымдарының тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ББЖМ жүргізу үшін алмастырушы орта (бастауыш, негізгі орта) білім беру ұйымдарының тізбесі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес орта (бастауыш, негізгі орта) білім беру ұйымдарында Қағидалардың сақталуын бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің уәкілетті өкілдерінің (бұдан әрі - Министрліктің уәкілетті өкілдері) тізімі бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» ақционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Талдау» АҚ) (Г.Ж. Елеусінова):
1) осы бұйрықта белгіленген мерзімде орта (бастауыш, негізгі орта) білім беру ұйымдарында ББЖМ-ны ұйымдастырсын және электрондық форматта өткізуді қамтамасыз етсін;
2) ББЖМ рәсімі бойынша оған қатысатын орта (бастауыш, негізгі орта) білім беру ұйымдары үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізсін;
3) 2026 жылғы 19 маусымға дейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне (бұдан әрі - Комитет) өңірлер және білім беру ұйымдары бөлінісінде ББЖМ нәтижелері туралы статистикалық деректерді ұсынсын;