«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 446-V Заңы

Предыдущая страница

14. Спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылар:

1) жеке тұлғалардың қауіпсіздігі, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған орындардың, оның ішінде олардағы мүліктің сақталуы үшін жағдайлар жасауға, сондай-ақ ішкі істер органдарына қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде жәрдемдесуге;

2) спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындармен шекаралас аумақтың абаттандырылуы бұзылған жағдайда, оны қалпына келтіруді қамтамасыз етуге;

3) спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда көрермендердің жүріс-тұрыс қағидаларын орналастыруға міндетті.

15. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде жеке және заңды тұлғаларға келтiрілген зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеледі.»;

4) 39-бапта:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Жеке тұлғалар мен қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді күрделендіретін спорт құрылыстарын, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған орындарды пайдалану және өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарын, оның ішінде мiнберлердің тіреуіш конструкцияларының ескіруі, мінбер астындағы үй-жайларда жанатын қауіпті заттар мен материалдардың орналастырылуы, авариялық жарық берудің және эвакуациялау жолдарының болмауы, өртке қарсы қорғану құралдарының болмауы немесе олардың ақаулы болуы бөлігінде бұзушылықтар, сондай-ақ өрттің туындауына әкеп соғуы мүмкін электр жабдығын монтаждау және пайдалану қағидаларын, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздік жағдайларын бұзушылықтар анықталған жағдайда, ішкі істер органдары не халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган енгізетін ұсыну бойынша жергілікті атқарушы органдар қауіпсіздік жағдайларының анықталған бұзушылықтары жойылғанға дейін осындай іс-шараларды өткізуге тыйым салады.»;

7-тармақ алып тасталсын.

2-бап. Осы Заң 2015 жылғы 11 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

          Президенті

 

        Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2016 жылғы қаңтардың 22-і.

                   № 446-V