«Инфрақұрылымдық алымдарды есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 175 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 26 ақпандағы № 62 бұйрығы

 «Инфрақұрылымдық алымдарды есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 175 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 26 ақпандағы № 62 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Инфрақұрылымдық алымдарды есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 175 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32121 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-78) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Инфрақұрылымдық алымдарды есептеу әдістемесінде:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Әдістеменің мақсаты әуежайдың инфрақұрылым объектілерін, жабдықтары мен техникалық құралдарын пайдаланғаны үшін әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілер мен өз әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүк пен поштаға өздігімен қызмет көрсететін авиакомпаниялардан алатын инфрақұрылымдық алымды есептеу тетігін айқындау болып табылады.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 750 бұйрығымен бекітілген Әуежайларда жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларының 6, 7-қосымшаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19433 болып тіркелген) жерде қызмет көрсету қызметтерін беруші және жерде өздігімен қызмет көрсететін авиакомпаниялар үшін қолжетімділігі ашық әуежай қызметінің құрамына кіретін жерде қызмет көрсету қызметтерінің тізбесі белгіленген.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.