«2022 жылға арналған студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 27 мамырдағы № 242 бұйрығы

2022 жылға арналған студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 27 мамырдағы № 242 бұйрығы

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының бірінші бөлігінің 2-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2022 жылға арналған студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қаржы және бюджетті жоспарлау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі

2022 жылғы 27 мамырдағы

№ 242 бұйрығымен бекітілген

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.