«Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 65 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 2026 жылғы 8 шілдедегі № 393/НҚ бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

 «Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 65 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 2026 жылғы 8 шілдедегі № 393/НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 65 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14370 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Пошта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 94) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Пошта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 94) тармақшасына сәйкес әзірленді және пошта операторларының пошта байланысы қызметтерін ұсыну тәртібін айқындайды.»;

10-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«10-1. Пошта операторлары цифрлық жүйе болған кезде пошта саласындағы көрсетілетін қызметтерді автоматтандырылған (электрондық) құрылғылар, жабдық, цифрлық жүйелер арқылы көрсетеді, сондай-ақ оларды пошта саласындағы қызметтерді көрсету процестерін автоматтандыру және оңтайландыру үшін пайдаланады.»;

19-тармақта:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.