Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілерін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 200 бұйрығы
(2025.28.10. берілген өзгерістермен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.05.11. № 754 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 2022.22.07. № 608 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ішкі істер министрінің 2025.13.10. № 761 бұйрығымен (2025 ж. 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына, 26-бабының 10-тармағына және «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi туралы ереженің 15-тармағының 290) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілерін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Р.Ф. Жақсылықов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.