(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖИІЛІКТЕР БЕЛДЕУЛЕРІН, РАДИОЖИІЛІКТЕРДІ (РАДИОЖИІЛІ...

Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығы

(2024.07.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2025 жылғы 3 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020.19.05. № 200/НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2022.18.10. № 388/НҚ бұйрығымен (2022 ж. 6 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда

«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 19-12) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада бекітілген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.