Қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздік, оның ішінде киберқауіпсіздік қатерлерінен қорғалу деңгейін бағалау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 23 қарашадағы № 110 Қаулысы
(2026.16.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026.30.10. № 152 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 16 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026.30.10. № 152 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 16 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 13-6-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026.30.10. № 152 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 16 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздік, оның ішінде киберқауіпсіздік қатерлерінен қорғалу деңгейін бағалау қағидалары бекітілсін.
2. Киберқауіпсіздік басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.