(ҮЗІНДІ)

19.07.04 ж. енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылған

ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 09.10.03 ж. № 253-НҚ бұйрығымен 8-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара)

8. Тарифтерді бекітуге берілген өтінімге:

1) табиғи монополия субъектісінің әрбір жыл үшін тоқсандар бойынша ашып көрсетілген тарифтерді соңғы бекіту сәтінен бастап өткен кезең ішіндегі қаржы-шаруашылық қызметінің талдамасымен бірге тарифтерді бекіту қажеттігі туралы түсіндірме жазба;

2) тарифтің салалық ерекшеліктерін ескере отырып, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша прейскурант түріндегі жобасы;

3) ұйымның бухгалтерлік балансы;

4) қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп;

5) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп;

6) 50 адамнан көп тізімдік санмен жұмыс істейтін заңды тұлғаларға арналған инвестициялар (1-инвест нысаны) туралы мәліметтер;

7) еңбек жөніндегі (1-т нысаны) есеп;

8) жекелеген лауазымдар мен кәсіптер бойынша қызметкерлер жалақыларының мөлшері туралы есеп (2-Т проф);

9) жұмыс істейтіндердің тізімдік санына қарай ұйымның өндірістік-қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштері (N2-МП нысаны немесе N1-ПФ нысаны);

10) негізгі қаражаттар мен материалдық емес активтердің болуы және қозғалысы туралы есеп (№ 11 нысаны);

11) осы Нұсқаулыққа берілген 1 қосымшаға сәйкес жиынтық деректер;

12) тарифтік сметаны, нақты шығындарды негіздейтін материалдарды қоса отырып, орындау туралы есеп;

13) дебиторлық және кредиторлық берешектерді ашып көрсету;

14) автокөліктің болуы және жұмысы туралы есеп (1-ТР шос);

15) өзге және басқа шығыстарды ашып көрсету;

16) белгіленген тәртіппен бекітілген және келісілген:

есептік саясат;

инвестициялық жобалар;

жылдық нормативтік ысыраптар;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.