(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ КАТАЛОГЫН Б...

Ақпараттық-коммуникациялық қызметтердің каталогын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 254 бұйрығы

(2019.12.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2019 жылғы 5 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы» Заңының 7-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Ақпараттық-коммуникациялық қызметтердің каталогы бекітілсін.

2. «Ақпараттық-коммуникациялық қызмет көрсету каталогын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1254 бұйрығының күші жойылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру департаменті (Ж.З. Жахметова):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарына мәлімет үшін жолдауды;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр

Д. Абаев

 

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018.23.04. № 167 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2018.07.11. № 468 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019.12.03. № 7/НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019.25.04. № 57/НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2019.12.09. № 227/НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019.12.11. № 301 бұйрығымен (бұр.ред.қара) каталог өзгертілді

Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрінің

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.