(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2024 - 2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ БЮДЖ...

2024 - 2026 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы
Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 109 шешімі

 

Осы редакция 2024 жылғы 3 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. 2024 - 2026 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер - 130 138 334 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 87 960 434 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 927 904 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 6 065 742 мың теңге;

трансферттер түсімі - 35 184 254 мың теңге;

2) шығындар - 124 963 592 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 254 321 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 778 670 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 524 349 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профицитi) - 4 920 421 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) - - 4 920 421 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсiмi - 778 670 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 5 699 091 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 теңге.

2. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 52-бабына сәйкес, 1-тармағының 1), 2) тармақшаларда қаралғандарды қоспағанда, түсімдер Ақтөбе қаласының бюджеті кірісіне толық есептелсін.

3. Ақтөбе облыстық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімімен салықтар түсімдерінің жалпы сомасы Ақтөбе қаласына мынадай мөлшерде бөлінуі белгіленгені еске алынсын:

1) төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша 34 пайыз;

2) әлеуметтік салық бойынша 33 пайыз;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.