«Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2021 жылғы 29 шілдедегі № 74 бұйрығы

 «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2021 жылғы 29 шілдедегі № 74 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:

637-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«637. Уәкілетті органның ведомствосы тарифті есептеу кезінде пайданың жол берілетін деңгейін осы Қағидалардың 11-тарауына сай Табиғи монополия субъектісі пайдасының жол берілетін деңгейін айқындау қағидаларына сәйкес айқындалатын тартылған активтердің реттелетін базасының шамасына пайда мөлшерлемесінің көбейтіндісі ретінде айқындайды.

Тарифке қосылатын пайда деңгейі дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтеріне қосылатын пайданы қоспағанда, инвестициялық бағдарламаны іске асыру үшін қажетті қаражатты ескере отырып шектеледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.