(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖӘНЕ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕ...

Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуға байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қылмыстық заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 3 Нормативтік қаулысы

(2020.11.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2024 жылғы 29 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

ҚР Жоғарғы Сотының 2018.20.04. № 8 Нормативтік қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

ҚР Жоғарғы Сотының 2018.20.04. № 8 Нормативтік қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «300», «297», «298» деген цифрлар тиісінше «351», «347», «348» деген цифрлармен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 

ҚР Жоғарғы Сотының 2018.20.04. № 8 Нормативтік қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)

Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуға байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау кезінде сот тәжірибесінде туындаған мәселелерге байланысты және осы санаттағы істер бойынша заңнаманы дұрыс әрі біркелкі қолдану мақсатында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:

ҚР Жоғарғы Сотының 2018.20.04. № 8 Нормативтік қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Жоғарғы Сотының 2020.11.12. № 6 Нормативтік қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Соттар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 345, 345-1, 346 (үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктер), 348, 349-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауаптылық, егер жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу адамның денсаулығына абайсызда орташа немесе ауыр зиян келтіру түріндегі салдарларға не бір немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жағдайда ғана басталатынына назар аударсын.

ҚК-нің 346-бабының бірінші бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін қандай да бір салдарлардың басталуы талап етілмейді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.