Текелі қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы
Жетісу облысы Текелі қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 26-122 шешімі
Осы редакция 2025 жылғы 7 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 9, 75-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2025-2027 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1)кірістер 8 403 635 мың теңге:
салықтық түсімдер 1 400 115 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 31 878 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 602 865 мың теңге;
трансферттер түсімі 6 368 777 мың теңге;
2)шығындар 7 836 370 мың теңге;
3)таза бюджеттік кредиттеу 5 831 мың теңге:
бюджеттік кредиттер 7 864 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 2 033 мың теңге;
4)қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;
5)бюджет тапшылығы (профицитi) 561 434 мың теңге;
6)бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) (-) 561 434 мың теңге:
қарыздар түсімі 7 864 мың теңге;
қарыздарды өтеу 569 298 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 0 теңге.
2. Қаланың жергілікті атқарушы органының 2025 жылға арналған резерві 29 541 мың теңге сомасында бекітілсін.
3. 2025 жылға арналған қала бюджетінде ауылдық округ бюджетіне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін, оның ішінде Рудничный ауылдық округ аппаратын ұстауға, санитария, жарықтандыру, абаттандыру мен автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге.
Көрсетілген трансферттерді ауылдық округ бюджетіне бөлу Текелі қаласы әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының «Бюджет және экономика мәселесі бойынша» тұрақты комиссиясына жүктелсін.