Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 11 сәуірдегі
№ 333 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтыру
1. «Норма шығармашылығы қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 16, 172-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Ғылыми сараптама жүргізу ережесінде:
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«36. Сараптама қорытындысында қозғалатын мәселелерді қарау құзыретіне кіретін мемлекеттік органдар ғылыми құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, криминологиялық сараптамалардың қорытындыларын алғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде берілген ескертулер мен ұсыныстарды қарау бойынша шаралар қабылдауға және тиісті ақпаратты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне беруге міндетті.
Сарапшылардың ескертулерімен және ұсыныстарымен келіспеген жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган оларды қабылдамау негіздемесімен бірге жобаны қосымша сараптамаға жібереді.
Бұл тәртіп Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен оның аумақтық органдарына мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын нормативтік құқықтық актілерге қолданылмайды.».
2. «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын ресімдеудің және келісудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы № 773 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 30, 326-құжат):
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.