«Адам өмірі мен денсаулығына зиянды әсерін тигізетін, күшті әсер ететін заттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 120 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 6 қазандағы № 134 бұйрығы
1. «Адам өмірі мен денсаулығына зиянды әсерін тигізетін, күшті әсер ететін заттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 120 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32947 тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Адам өмірі мен денсаулығына зиянды әсерін тигізетін, күшті әсер ететін заттардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: