«Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 17 қарашадағы № 405 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларында:
2-тармақтың 20) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«20) өнеркәсіптік кешен - өздерінің құрамында меншік, жалдау құқығымен немесе өзге де заттай құқықпен бар генерациялайтын көздерден электр энергиясымен қамтамасыз етілетін көтерме тұтынушылар;»;
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Алдағы және келесі күнтізбелік жылдарға электр қуатына деген болжамды сұранысты Жүйелік оператор Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (бұдан әрі - ҚР БЭЖ) аймақтары бойынша бөле отырып, мынадай тәртіпте әзірлейді:
1) осы Қағидалардың 48-тармағына сәйкес ағымдағы күнтізбелік жылы қуат нарығының тұтынушылары Жүйелік операторға жіберген тұтыну бойынша болжамды өтінімдерінде көрсетілген тұтыну қуатының аталған айға сәйкес келетін қосындысы ҚР БЭЖ-нің Солтүстік және Оңтүстік аймақтарына кіретін облыстар үшін алдағы күнтізбелік жылдың әрбір айы үшін жеке есептеледі;
2) осы Қағидалардың 48-тармағына сәйкес ағымдағы күнтізбелік жылы қуат нарығының тұтынушылары Жүйелік операторға жіберген тұтыну бойынша болжамды өтінімдерінде көрсетілген тұтыну қуатының аталған айға сәйкес келетін қосындысы ҚР БЭЖ-нің Батыс аймағына кіретін облыстар үшін алдағы күнтізбелік жылдың әрбір айы үшін жеке есептеледі;