«Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2025 жылға арналған квота белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 505 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2025 жылғы 1 тамыздағы № 234 бұйрығы

«Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2025 жылға арналған квота белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 505 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2025 жылғы 1 тамыздағы № 234 бұйрығы

 

«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2025 жылға арналған квота белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 505 бұйрығына (Нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35573 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2025 жылға арналған квота жұмыс күшінің санына қатысты келесі пайыздық мөлшерде:

1) жергілікті атқарушы орган жұмыс берушілерге беретін рұқсаттар бойынша 0,25 %;

2) еңбекші көшіп келушілерді тартуға 2,95% мөлшерінде белгіленсін.».

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.